ӨзА Қазақ

15.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың шамамен 83 пайызы аурудан айыққан

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың шамамен 83 пайызы аурудан айыққан

Жер бетіндегі 130-дан астам ел аумағына жеткен коронавирустан ең көп жапа шеккен ел Қытай болып, қазірде ондағы ауруханаға жатқызылғандардың шамамен 82,7 пайызы аурудан сауығып, қаза тапқандар көрсеткіші 3,95 пайызды құрауда.

Зпидемия балталғалы бері Қытайдың Хубэй провинциясынан сыр аумағында 13050 кісі вирус жұқтырып, 114 жағдай өлімімен аяқталған. Ал жалпы Қытайдағы халықтың 80 995-і осы індетпен ауырып, өлім құшқандар 3203-ке жетті. Орташа өлім көрсеткіші 3,9 пайызға тең.

Мамандардың айтуынша Қытайда эпидемиялық жағдай жақсара бастаған. Соңғы күнгі дерек бойынша вирус жұқтырған 20 оқиға тіркеліп, оның 16-сы шетелден жұқтырып келгендер. Қалған төртеуі Хубэй аймағынан. Қытайда қазіргі зерттеулер мен аурулардың емделу процесіне байланысты осы індет маусым айларының орталарына келіп жойылатыны жайлы болжам айтылуда.

Әлем елдерінде Қытайдан сырт коронавирустың ең көп тараған аумағы Италия(21 157), Иран(12 729) және Оң.Корея(8 086) мен Испания(6 391) мемлекеттері. Бұл індет Орта Азия аумағында Қазақстаннан кейін Өзбекстанда 15 наурыз таңғы сағат 06:00-де Парижден Ташкентке ұшып келген әйел кісіден анықталған. Қазіргі уақытта онымен бірге ұшып келген 48 жан іздестірілуде.

1 905
ӨзА