ӨзА Қазақ

19.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Қытайда 108 миллионнан астам адам қайта карантинге алынды

Қытайда 108 миллионнан астам адам қайта карантинге алынды

Коронавирустық инфекцияның жаңа толқыны салдарынан Қытайдың солтүстік-шығысында 108 миллионнан астам адам карантиндік бақылауға алынды, деп жасады «Bloomberg» ақпарат көзі.

Бұл жағдай Цзилинь провинциясында 34 жаңа індет жұқтырғандық жағдай тіркелгеннен кейін автобус пен теміржол қатынасы тоқтатылып, мектептерде қайта жабылды. South China Morning Post басылымы бұл аумақты вирустың қайта жандану ошағына айналғанын айта, 18 мамырда аумақта орналасқан Шулань қаласы түгел жабылғанын жазады. Үкімет басшылығының арнайы комиссиясы аталған аумаққа келіп ахуалды бақылаудан шығарған Коммунистік партияның қалалық комитетінің басшысы мен денсаулық сақтау жөніндегі қалалық комиссияның жетекшісін қосқанда алты жергілікті басшыларды жұмыстан алған.

Қазір қалада қатаң оқшаулау енгізілген болып, қажетті заттар алу үшін бір жанұядан бір адам әр екі күн сайын екі сағатқа рұқсат етілген. Бұл жағдай тек Шулан қаласында ғана емес, оған жақын орналасқан қалалар мен ауылдарда да кіруге және шығуға тыйым салынған.

Жер бетіндегі жайлаған мына дерттің келіп шығу тегі осы Қытай жеріндегі Ухань қаласынан бастау алған болып, қазірде 4,8 миллионнан астам жан осы індеттен жапа шегуде. Бүгінге дейін бұл дерттен 1,8 млнға жуығы сауыққан болса, 318 мыңнан көбі қайтып келмеске аттанып кетті. 

1 905
ӨзА