ӨзА Қазақ

26.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы әлем байларының қалтасын қағуда

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы әлем байларының қалтасын қағуда

Әлемнің ең бай 10 миллиардері бір күнде 14 миллиард доллар зиян көрген.

Бұл жайында «Bloomberg Billionaires Index» басылымының хабарына байланысты, АҚШ пен Қытай арасындағы бірнеше айдан беріге жалғасып келе жатқан сауда соғысы нәтижесінде әлемдік биржаларда құлдырау байқалған.

Екі елдің сауда қақтығысы нәтижесінде ең көп зиян шеккен миллиардер, американдық «Amazon» компаниясы басшысы Жефф Безос. Ол бір күн ішінде 3,25 млрд доллардан құры қалған. Ал, жыл басынан беріге есептегенде 15,7 млрд доллар жоғалтқан.

Кейінгі орындарда Марк Цукерберг, Билл Гейтс, Ларри Эллисон, Ларри Пейж және Сергей Брин мен Уоррен Баффеттер 1,3 млрдтан 1,8 млрд долларға дейін қаржыдан құры қалған.

Осыған дейін, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Жонсон, Ақ үй басшысы Трамппен екі ел арасындғы қақтығыс жайлы болған сұхбатта Дональд Трамп өзінің Қытайға салған баж төлемдерінің бағасын тағыда асырмағандығына өкініш білдірген.

Сонымен бірге Трамп, Америка компанияларына Қытай нарығынан тез арада кетіп, басқа нарыққа бейімделуге шақырған. Себебі ол Қытайдың жаңа санкцияларына жауап ретінде 1-ші қыркүйектен бастап Шың елінен келетін 300 млрдтық тауарға баж салығын 10 пайыздан 15 пайызға асырып, 1 қазаннан 250 млрдтық тауарға салынатын санкцияларын 25 пайыз емес 20 пайызға асыруы жайында айтқан еді. 

Бүгін ол өзінің твиттерінде Қытайды, Американың ителлектуалды мүлкін ұрлады деп атап, олар бізге керек емес. Қайта Қытай болмаса біздер жақсырақ өмір сүреміз, -деп келесі мәлімдемесін жариялайтынын айтқан.  


12 920
ӨзА