ӨзА Қазақ

24.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Қытай билігі 25 наурызда Хубэй провинциясындағы төтенше жағдайды тоқтатады

Қытай билігі 25 наурызда Хубэй провинциясындағы төтенше жағдайды тоқтатады

Екі айлық қатаң шектеулерден кейін Қытай үкіметі елдегі ахуалдың біршама жақсарғанына байланысты ең қауіпті орта Хубэй провинциясындағы карантинді тоқтатып, Ухань қаласындағы шектеулерді 8 сәуірден бастап алып тастайтын болды.

Өткен апта осы аймақтағы науқастарды емдеуге келген дәрігерлердің біразы аурулардың жазылуына орай өз үйлеріне қайтып кеткен еді. Енді міне үкімет осы ортадағы шектеулерді тоқтатып транспорттың қозғалысына рұқсат етті. Зауыттар мен фабрикалардың біразы жұмысын бастамақ. Өндіріс ошағы қайта жандану алдында. 

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарынша қазір Қытайдағы аурулардың дерлік 90 пайызы жазылған. Сонымен қатар індеттің тарауы сейіліп, адамдардың еркін жүруінеде рұқсат етілмек дейді. 

Жер бетіндегі тірлішік иесіне қауіп төндірген коронавирус өткен жылдың желтоқсан айында 23 қаңтардан бастап карантин жарияланған аймақ, Хубэй провинциясының Ухань қаласындағы ет базарынан тараған еді. Содан бері әлемдегі 400 мыңға жуық ауру болып, қазір карантинде жатыр. 17 мыңнан астап адам қаза тауып, 100 мыңнан аса жан емделген.  

1 838
ӨзА