ӨзА Қазақ

25.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Вашингтондағы G7 саммиті маусымның соңына қалдырылды

Вашингтондағы G7 саммиті маусымның соңына қалдырылды

АҚШ 10 маусымда Вашингтонда өткізуді жоспарлаған «Үлкен жетілік» саммитін коронавирустық пандемияға байланысты маусымның соңына көшірді.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен CBS телеарнасында жасаған мәлімдемесінде «G7» саммитінің нақты күні кейінірек жарияланатынын айтып, «Үлкен жетілік» саммиті бейнеконференциялы емес жүзбе-жүз форматта өтеді. Өйткені мұны саммитке қатысушы көшбасшылардың өздері тікелей өткізуге мүдделі. Меніңше қазір АҚШ коронавирустың шарықтау шегіне жетіп қалды, деп ойлаймын егер олай болмған күннің өзінде саммит Вашингтонда өтетін болады. Біз саммитке қатысушылардың барлығының вирусқа қарсы тест тапсыруын және жағдайдың қауіпсіз екеніне сенімді болғаннан кейін мемлекет басшыларының АҚШ-қа келіп кетуін қадағалаймыз, деген О'Брайен.

Бұған дейін Дональд Трамп «G7» саммиті коронавирустық пандемияның салдарынан және халықаралық әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты бейнеконференциялы форматта өтетінін мәлімдеген болатын. Бірақ осы аптада Трамп өз ойын өзгертіп, саммитті Вашингтонда өткізгісі келетінін айтты. 

2 321
ӨзА