ӨзА Қазақ

21.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Қытай билігі Уханьда жабайы аңдарды жеуге, аулауға және сатуға толықтай тыйым салды

Қытай билігі Уханьда жабайы аңдарды жеуге, аулауға және сатуға толықтай тыйым салды

Жер бетінде коронавирустық инфекцияның мекені саналатын Қытайдың Ухань қаласында жабайы жануарларды жеуге, аулауға, олады қолдан көбейту және сатуға толық тыйым салынды. Бұл процес 5 жыл бойы өз күшінде болады.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, мұндай шешім коронавирустық инфекцияны жануарлардан адамдарға жұғуына байланысты қабылданған. Енді базарларда, интернет желілері мен басқада сауда дүкендерінде жабайы хайуандар мен олардың етінен жасалған тағамдар саудасынада тыйым салынған. Сонымен бірге жабайы аңдарды қолдан табиғи жолмен көбейтуге, олардан жасалған тағам өнімдерін тұтынуға шақыратын жарнамаларды орналастыруға да қатаң заңмен шектелген.

Жабайы жануарларды аулауға тек ғылыми зерттеулерге және басқа ерекше жағдайларға рұқсат етіледі. Ол үшін ең алдымен билік органдарынан лицензия алу керек болады. Жабайы жануарларды жасанды түрде ккөбейту мен түрлерін сақтау, ғылыми зерттеу және демонстрациялау мақсатында бақылау органдарының келісімімен рұқсат етілетін болып белгіленген. 

Бүгінгі таңда әлемдегі  коронавирустық пандемияның салдарынан орын алып жатқан жағдайдың келіп шығу тегі осы Ухань қаласымен тікелей байланысты. Өткен жылдың желтоқсан айы соңында Уханьдағы жабайы аңдар ет базарында Covid-19 індеті пайда болып, артынша ол әлемнің 90 пайыздан астам еліне тарап, бүгінде 5 миллионнан астам жан бұл ауруды жұқтырған. 

2 031
ӨзА