ӨзА Қазақ

19.07.2019 18:34 Басып шығару нұсқасы

Туркия НАТО-да қалды, бірақ F-35 бағдарламасынан шығарылды

Туркия НАТО-да қалды, бірақ F-35 бағдарламасынан шығарылды

Туркияның Ресейден С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алуына байланысты АҚШ-пен арада келіспеушіліктер туындай бастады.

Күні кеше НАТО Бас хатшысы Йенс Столенберг осы жағдайларға байланысты ол қандай жағдай болмасын біз Анкараны құрамнан шығармаймыз және оны одақтан шығару жайында ешқайсы ел ештеңе айтқан жоқ,- деп мәлімдеді. Есесіне, Туркия Ресейден С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алу шартынан бас тартпағаны үшін, АҚШ президенті Дональд Трамп ендігі жағдайда F-35 ортақ бағдарламасы олар үшін тоқтатылады,- деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, Туркия АҚШ-тың «Патриот» жүйесін сатып алу шатрына көнбей Ресейдің С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алуды ұйғарған болатын. Осы мәселеге байланысты АҚШ Туркияны F-35 ортақ бағдарламасынан шығарып жіберді.

ӨзА
8 835