ӨзА Қазақ

06.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Трамп жаппай адам өлтіргендер өлім жазасына кесілетінін айтты

Трамп жаппай адам өлтіргендер өлім жазасына кесілетінін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Эль Пасо мен Дейтондағы шабуылдарға қатысты түсінік беріп, жаппай кісі өлтірушілерді өлім жазасына тарту керек екендігін айтты.

“Бүгін мен әділет министрлігіне кек алу жолымен қылмыстар жасайтын, жаппай кісі өлтіруші жандар үшін өлім жазасына кепілдік беретін заң жобасын жасауға тапсырма беремін және бұл заң көп күттірмей өз күшіне енетін болады,-деді ол.

Еске сала кетсек, жексенбі күні Чикаго паркіндегі ойын алаңында атыс болып, онда жеті адам жарақат алды. Бұған дейін болса Техас штатындағы Эль Пасо қаласындағы супермаркетте болған терактта 20 адамды өліп, 26 адамды жарақаттаған еді. Сәлден кейін Огайо штатындағы Дейтон қаласында болған атыс кезінде жеті адам қаза тапты.

Осы болған жағдайларды ескере отырып, АҚШ президенті қару-жараққа қатысты заңдарды қатаңдатуға шақырды.

12 321
ӨзА