ӨзА Қазақ

20.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Трамп G20 саммитінде Путин және Си Цзиньпинмен кездесетінін мәлімдеді

Трамп G20 саммитінде Путин және Си Цзиньпинмен кездесетінін мәлімдеді

Келесі апта 28-29 маусым күндері Жапонияның Осака қаласында "Үлкен жиырмалық" саммиті өтеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп "Үлкен жиырмалық" (G20) саммитінде Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин және ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесетінін айтты.

"Мен Ресеймен тіл табысқым келеді және оның сәті түседі деп ойлаймын. Қытайменде тіл табысқым келеді және оныңда реті сәті болады деп ойлаймын. Келесі аптада Жапониядағы G20 саммитінде екеуімен де кездесемін", - деді Трамп Fox News арнасына берген сұқбатында.

«Олар күшті мемлекеттер, бірақ біз өте күшті мемлекетпіз»,- деп қосымша қылған АҚШ президенті.

G20 саммиті 28-29 маусымда Осака қаласында өтеді. Ірі шараға мемлекет басшылары, делегация мүшелері мен БАҚ өкілдерін қосқанда 30 мың адам қатысуы жоспарланған.

Сондай-ақ, Дональд Трамп пен Си Цзиньпиннің Осакадағы кездесуіне дейін қос елдің жауапты тұлғалары, екі тараптық арадағы келеңсіздік орын алған сауда қақтығысын байланысты, келісімнің негізгі акспектлерін талқылайтын болады. 

16 267
ӨзА