ӨзА Қазақ

28.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Telegram желісі өзінің криптовалютасын іске қоспақ

Telegram желісі өзінің криптовалютасын іске қоспақ

Telegram мессенджері алдағы екі айда өзінің жеке «Gram» криптовалютасының алғашқы партиясын шығаруды жоспарлап отыр, деп жазады The New York Times газеті компанияның жоспарларымен таныс бірнеше инвесторларға сілтеме жасап.

Сонымен қатар Telegram бүкіл әлем бойынша 200-300 миллион желі пайдаланушыларына қол жетімді болатын электронды әмияндар жасауды жоспарлап отыр. Әлеуметтік желінің «Gram» криптовалютасы интернетте әлемнің кез-келген жеріне қалаған валютада онлайынды ақша жіберудің тәсілі болмақ.

2018 жылы компания, Telegram Open Network (TON) блокчейн платформасында өзінің жеке криптовалютасы Gram-мен әзірлейтіні туралы хабарлаған еді. Ал, ақпан және наурыз айларында өткен екі реттік жабық раундта шамамен 200 инвестордан $ 1,7 млрд доллар қаржы жинаған.

Telegram өзінің интернеттегі жеке криптоваютасын жасап жатқан алғашқы компания емес. Әлемдегі ең ірі бөлшек сауда желілерінің бірі американдық Walmart компаниясы тамыз айының басында өзінің жеке криптовалютасын патенттеу үшін өтінім берген болатын. Онда  компания өзінің жеке криптовалтасын жасай алады деген тұжырымға келді және оны АҚШ долларына теңестіруге болады, тек оны жеке сатушылар немесе серіктестер қолдана алады.

Осыған дейін Facebook компаниясы да өзінің криптовалютасы мен электрондық аударма жүйесі айналымға шығаруды жоспарлағаны жайында хабарлаған еді. 

13 233
ӨзА