ӨзА Қазақ

07.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Алмазбек Атамбаев заңға қарулы түрде қарсылық көрсетті

Алмазбек Атамбаев заңға қарулы түрде қарсылық көрсетті

Кеше Қырғыстанның алдынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың Қуй-Таштағы резиденциясы алдында қарулы қақтығыс болды. Онда үкіметтің тапсырмасы бойынша арнайы жасақ Атамбаевті қолға алуға келген болатын. Бірақ экс-президент қарулы қарсылық көрсетіп жергілікті тұрғындарда арнайы қолға алуға келген жасаққа қарсы оқ жаудырған.

Осылайша Атамбаев қолға түспей қауіпсіз жерге барған соң жергілікті «Апрель» телеарнасы арқылы үкіметке үндей жолдады. Ал бұл жағдайлардан хабар тапқан ел президенті Сооронбай Жээнбеков өзінің кезекті демалысын тоқтатып шұғыл түрде бүгін 8 тамыз таңда қауіпсіздік кеңесін шақырды. Онда президент Атамбаевтің бұл жасағанын конституциясы мен заңына қарулы түрде қарсы шыққаны жайлы айтып, «Қырғыстан құқықтық мемлекет және елдің міндеті – барлық азаматтар тарапынан заң талаптарына міндетті түрде жауап беруін қамтамасыз ету»,- деген.

Осылайша президент Сооронбай Жээнбеков қауіпсіздік кеңесінде, келесіде орын алатын барлық жағдайға заң аясында тиісті шараларды қолдануды тапсырды.

Осыған дейін Қырғыстан парламенті экс-президент Атамбаевты қауіпсіздік құқығынан айырып, оған үш рет үкімет тарапынан сұрақ-жауап алу үшін шақырту жіберген. Ал Атамбаев олардың біреуінеде бармаған. Қайта «егер мені қолға алуға келетін болсаңдар қаруым сендерге қарай оқталғанында ұмытпаңдар»,- деп сес көрсеткен еді.

13 135
ӨзА