ӨзА Қазақ

25.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Швецияда алғаш рет 5G желісі іске қосылды

Швецияда алғаш рет 5G желісі іске қосылды

Швецияның Tele2 компаниясы бүгін, 25 мамырда елде 5G ұялы байланыс желісінің жаңа буыны іске қосылғанын хабарлады.

SVT Nyheter арнасындағы хабарламада, «Бүгін өте маңызды күн. Біз Швецияның Стокгольмда, Гетеборгта және Мальмеде қалаларында 5G желісін алғаш рет іске қосып жатырмыз. Швеция бұл тұрғыда баспалдақтан аттағанына өте қуаныштымын», - деген Tele2 компаниясы бас директоры Андерс Нилссон.

Жаңа технология 1 Гбит/с жылдамдықпен ақпарат таратуды қамтамасыз етеді. Бұл 4G-ге қарағанда 4 есе жоғары. Қазіргі қолданыстағы телефондардың көпшілігінде жаңа буын ұялы байланысының мүмкіндігіне қол жетімділік жоқ. Тек шексіз Интернетті пайдаланатын Tele2 клиенттері ғана 5G желісіне автоматты түрде қосыла алады.

2 536
ӨзА