ӨзА Қазақ

03.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Ресей, Жапония, Үндістан мен Монголиядағы тасқындардан мыңдаған халық жапа шекті

Ресей, Жапония, Үндістан мен Монголиядағы тасқындардан мыңдаған халық жапа шекті

Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметтеріне сай Ресей, Жапония, Үндістан мен Монголиядағы болған табиғи апаттардан 700 мыңға жуық тұрғындар жапа шеккен.


Жапонияның Когосима қаласында болған су тасқынынан 800 мыңға жуық адам басқа қауіпсіз мекенге эвакуацияланған.
Ресейдің Иркутск облысының 5 ауданын су басып, 20-ға жуық адам қаза тапқан. 650 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш, Мадхя-Прадеш және Махараштра аймақтарында болған күшті нөсердің нәтижесі 40-қа жуық кісінің өліміне себеп болған. 30 жуық кісі ізсіз кеткен. Су тасқыны салдарынан Мумбай, Тхана мен Пуна қалаларында ғимарат қабырғасы құлап 25 кісі қайтыс болған.

Монголияның Хэнтий провинциясында болады деп болжанған күшті нөсер ондағы тұрғындар үшін келеңсіздіктерге себеп болуда. Жергілікті метеорология қызметінің ақпаратынша, аймақта осынау табиғи келеңсіздіктер 4 шілдеге дейін жалғасуы жайында ескерту дабыл қаққан. 

13 399
ӨзА