ӨзА Қазақ

30.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Ресей Үндістанға әскери зымыран жеткізіп беретін болды

Ресей Үндістанға әскери зымыран жеткізіп беретін болды

Ресей Федерациясы мыңға жуық авиация ракеталарын жеткізіп беру жайында келісімге келді, - деп хабарлайды әскери-техникалық байланыс бойынша Ресей федерал қызметі.

Қазірге келісімнің егжей-тегжейлі ақпараты таратылған жоқ, тек Үндістанның ANI ақпарат дереккөзіне сенсек, Дели мен Мәскеу арасында, үнді әуе күштеріне қарасты Су-30MKI жауынгер ұшағын қаруландыру үшін «әуе-әуе» классына жататын  басқарылушы Р-27 зымырандары сатып алу туралы келісім жасасқанын хабарлады.

Р-27 зымырандары, әдетте алыс және жақын қашықтықтағы әуе шайқастарына, сондай-ақ круиздік зымырандарға тосқауыл болуға арналған.

11 372
ӨзА