ӨзА Қазақ

23.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Ресей коронавирус інтедін жеңуде Италияға дәрігерлер тобы мен медициналық заттар жіберді

Ресей коронавирус інтедін жеңуде Италияға дәрігерлер тобы мен медициналық заттар жіберді

Жер бетіндегі барлық елге қауіп салған коронавирус індетінен бүгінгі таңда өте үлкен жапа шеккен ел Қытайдан кейін Италия орын алуда. Қазіргі күнге келіп елде осы індеттен 5476 адам көз жұмды. Аурулар саны 60 мыңға жуықтап, сауыққандар қатары 7 мыңнан асқан.

Европадағы коронавирустың ошағына айналған Италияның бүгінгі жағдайын оңалту мақсатында Ресей өз дәрігерлері мен тоғыз ұшақта медициналық құралдармен дезинфекциялы заттарды және 8 әскери вирусолог пен арнайы дәрігерлер тобын көмек ретінде жіберген.

Ресей әскери-әуе күштерінің сегізінші және тоғызыншы Ил-76 әскери-көлік ұшағы «Pratik de Mare» итальяндық әуе базасына (Римнен оңтүстік-батысқа қарай 30 км) қонған. Ұшақтар ресейлік әскери сарапшылар мен мобильді станцияларды дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін жеткізді делінген хабарламада.

Өткен сенбі күні Ресей президенті және Италия премьер-министрі телефон арқылы сұхбат кезінде кез-келген көмек қолын созуға дайын екенін айтып, нақты міндеттер жайлы келіскен болатын. 

1 892
ӨзА