ӨзА Қазақ

27.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Путин мен Зеленскийдің алғашқы кездесуі Францияда өтпек

Путин мен Зеленскийдің алғашқы кездесуі Францияда өтпек

Бұл жөнінде Францияның Биарриц қаласында өткен «Үлкен жетіліктің» кезектегі отырысының аяқталуына арналған баспасөз мәслихаты кезінде президент Эмануэль Макрон мәлімдеді.

Франция президентінің мәліметінше бұл кездесу «Норманд келіссөздері» аясында өтпек. Бұл құрамға Ресей, Украина, Германия және Франция кіреді.

«Норманд төрттігі» келіссөздері алғаш рет 2014 жылда Минск қаласында өткен болатын. Содан беріге әлі күнге дейін бұл төрттіктің отырысы екінші рет болмаған.

Эмануэль Макронның сөзіне қарағанда келесі қыркүйек айында өтетін бұл кезгі дөңгелек үстел үстінде өрбитін мәселе, Украина шығысындағы жағдайды тәртіпке салу бойынша болып, осы сынды отырыстардың өткізілуін Ресей Федерациясы президенті Владимир Путинде қолдап қуаттайтынын жеткізген.

Біраз уақыт алдын Украина президенті Владимир Зеленский «Норманд форматында» келіссөздер өткізуді Ресей президентіне ұсынған еді. Сонымен бірге бұл отырысқа АҚШ президенті мен сол кездегі Британия премьер-министрі болған Тереза Мэйді де шақырған болатын. 

12 862
ӨзА