ӨзА Қазақ

24.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Пхеньян Оңтүстік Кореяға қарсы әскери әрекетті тоқтату туралы шешім қабылдады

Пхеньян Оңтүстік Кореяға қарсы әскери әрекетті тоқтату туралы шешім қабылдады

Солтүстік Корея жолбасшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяға қарсы әскери әрекетті тоқтатып, жоспарды кейінге қалдырды.

Кореяның орталық телеграф агенттігінің таратқан ақпаратына сай, Корей Еңбек партиясы Орталық әскери комитеті 23 маусымда Ким Чен Ынның төрағалығымен жиын өткізіп онда Оңтүстік Кореяға қарсы әскери әрекеттің басталуын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған.

Кейіннен Оңтүстік Кореяның «Рёнхап» ақпарат агенттігі сенімді деректеріне сілтеме жасай тұрып, Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекара маңында орнатылған 10 дауыс күшейткішті қайта жөндеуден өткізгенін мәлімдеді.

Екі ел арасындағы текетірес 9 маусымнан бастау алды. Сол күні ресми Пхеньян Сеулмен қарым-қатнасын толықтай үзіп, 16 маусымда Оңтүстік Кореямен байланыс бюро кеңсесін жарып жіберді. 

2 487
ӨзА