ӨзА Қазақ

23.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Пәкістанда ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн рупиядан берілетін болды

Пәкістанда ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн рупиядан берілетін болды

22 мамыр күні бортында 99 жолаушы мен Лахордан ұшып шығып Карачи қаласы әуежайына қонуына бірер минуттай қалған кезде апатқа ұшыраған «Airbus 320» ұшағында қаза тапқан пәкістандықтардың отбасыларына 1 миллион рупиядан жәрдемақы төлеу жөнінде шешім қабылдады.

Бұл жөнінде елдің авияция министрі Гулам Сарвар Хан баспасөзде өткен отырыста: Осы қайғылы жағдайға орай апатта қаза тапқан марқұмдардың отбасыларына көңіл айтамын. Оқиғадан көз жұмған жандардың мәйіті анықталып олар өз туысқандарына беріледі және 1 миллион рупиядан қаржылай көмек үлестірілмек, деген.

Ал апаттың мән-жайының негізі неден болғаны қазірге белгісіз, бірақ әуекомпанияның хабарламасында ұшақ осы жылдың 21 наурызында тексерістен өткендігін айтып, қону қондырғысында немесе әуе кемесінің негізгі жүйелерінде ақаулар болған жоқ» деп мәлімдеген.

Соңғы деректерге сай ұшақ апатынан ботта болған 99 жанның 97-сі қайтыс болған. Екі кісі ауруханаға жатқызылғаны айтылады. Тағы апат кезінде жергілікті жерде болған 11 кісі түрлі жарақанпен ауруханаға түскен. 

2 205
ӨзА