ӨзА Қазақ

25.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Пәкістанда коронавирустан айыққандардың қаны жасырын сатылып жатыр

Пәкістанда коронавирустан айыққандардың қаны жасырын сатылып жатыр

Пәкістанда коронавирустан айыққандардың қаны қолдағы нарықта 950 мен 3000 фунт стерлинг аралығында сатылуда. Өз кезегінде коронавирус жұқтырған отбасылар мұндай үлкен көлемдегі ақшаны төлеуге дайын өйткені олар осы «ғажап құрал» жақын адамдардың өмірін сақтап қалады деп сенеді.

Жергілікті медицина қызметкерлерінің «The Guardian» газетіне берген сұхбатында коронавируспен ауыратындар мен вирустан айыққан туысқандар арасында қан сатып алу туралы келісімнің процесін қалай өрбитінін былай баяндаған: «бұл келісімге аурухана қатыспайды, бірақ көз алдымызда жүзіп жатады. Науқастардың туыстары немесе достары сауығып жатқан адамға келіп, олардан донор болуды сұрайды. Содан кейін олар жеке зертханаға барып донорлық қаннан алады»,- деген Исламабад мемлекеттік ауруханасының дәрігері журналистерге берген сухбатында.

Пәкістандық дәрігерлердің айтуынша қазіргі кезде ауруханаларда дәрі-дәрмек таусылып барады, ал науқастардың өмірін сақтап қалуға препараттарсыз ең қажетті болған зат ол донорлық қан екені айтылған.

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше бүгінде Пәкістанда коронавирустан жапа шеккен жандар саны 192 970 кісіге жеткен. Қазірде олардың 81 307 аурудан сауығып, 3903 кісі індеттен көз жұмған.

2 465
ӨзА