ӨзА Қазақ

21.06.2019 13:23 Басып шығару нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа арналған уақыт капсуласын қалады

Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа арналған уақыт капсуласын қалады

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев келешек ұрпаққа арналған уақыт капсуласын қалады, деп хабарлайды «ӨзА» ақпараттық агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

«Уақыт капсуласын келер ұрпаққа салу рәсімінде жүздескеніме қуаныштымын. Алматы - еліміздің алтын бесігі. Ең жақсы көретін қаламыз. Білім орталығы. Менің де туып өскен жерім. Бүгінгі шараның маңызы зор. Бүгін біз ел басшылығына келгеніме 30 жыл толу мерекесін атап өтіп жатырмыз. Осы жердегі көбің 30 жасқа келмедіңдер. Тәуелсіздікпен қатар өсіп келе жатырсыңдар. Қазақстан 28 жылда болмаған биікке көтерілді. Ата-анаңыздан сұрасаңыздар, қандай жағдайды бастан кешкенімізді түсінесіздер. Мен ел басына келген кезде Қазақстан жайлы ешкім білмейтін. Сіздер бақытты ұрпақсыздар. Қазақстандықтар қазір қалаған жерінде демалады, білім ала алады. Басқа елдің ұрпақтары еден жуып, қара жұмыс істеп жатыр. Біздің бір адам шетке шықпады. Соған қуанамын. Осы нәтижеге жеткеніміз - ел бірлігі мен ел үміті арқасында орындалды деп санаймын. Енді мына капсуланы 30 жылдан кейін ашқанда, әрине, көп жағдай өзгереді. Әлем өзгереді. Бірақ Қазақстан мен қазақ орнында тұрады. 2050 жылы Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына енеді. Сонда осы капсуланы ашып көріп, менің үндеуімді оқитын боласыздар. Келер ұрпақ біз сияқты ел игілігіне жұмыс істесін деген оймен осы капсуланы салайық»,- деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

20190621130523.jpg

Уақыт капсуласы табиғи тастан жасалған. Көне сақтар мен түріктер тасқа ақпарат таситын киелі материал ретінде қараған. Капсуланың сырты сақтар заманындағы суреттермен, аң стилімен бедерленген.

20190621110552.jpg

Композицияның ортасында латын қарпімен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың келешек ұрпаққа арнаған уақыт капсуласы. Қойылған күні - 21.06.2019 жыл, ашылатын күні - 22.06.2049 жыл» деп жазылған.




ӨзА