ӨзА Қазақ

07.05.2019 16:33 Басып шығару нұсқасы

Мьянмада сотталған Reuters журналистері азаттыққа шықты

Мьянмада сотталған Reuters журналистері азаттыққа шықты

Британия Reuters ақпараттық агенттігінің екі журналисті, 2017 жылы желтоқсанда Мьянмада «мемлекеттік құпиялы мәліметтерді жариялағаны үшін айыпталып» тұтқындалған болатын. 

Жергілікті mizzima.com ақпараттық порталдың хабарлауынша 33 жастағы Ва Лон пен 29 жастағы Чжо Со У сейсенбі күні таңертең Ягон түрмесінен азат етілген. Хабарда айтылуынша, Мьянма билігі оларды Мьянманның Жаңа жылдық мерекесі құрметіне жарияланған рақымшылықпен босатты, делінген. 

Аталған қос журналистке 2018 жылдың қыркүйек айында «мемлекеттік құпиялы мәліметтерді жариялаған» деп айып тағылып әрбіріне Мьянма билігі 7 жыл түрме жазасына кескен болатын. Порталдың айтуынша олар 500 күннен астам уақыт тұтқында болған. 

ӨзА
11 068