ӨзА Қазақ

14.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Ұлыбритания ханзадасы Харри және оның жұбайы Меган корольдік жанұясының негізгі міндеттерінен бас тартты

Ұлыбритания ханзадасы Харри және оның жұбайы Меган корольдік жанұясының негізгі міндеттерінен бас тартты

Ұлыбритания патшайымы Елизаветта II ханзада Харри және оның жұбайы Меганның корольдік жанұясының негізгі міндеттерінен бас тартуы жайлы шешімін қолдайтыны білдіріп, «Біз балаларымыздың корольдік жанұясының толықтай мүшесі боп қалуын қаншалықты қаламайық, олардың тәуелсіз боп өмір сүруі және сондай болған күннің өзінде отбасымыздың ажырамас бөлігі болатыны жайлы шешімдерін қолдаймыз» деген.

Дүйсенбі күнгі Ұлыбритания корольдік жанұясының мүшелері қатысуымен Сандрингхем сарайында өткен кездесуде Елизаветта II, ресми түрде ханзада мен оның жұбайының тәуелсіз өмірге «өту дәуірі» жайлыда мәлімдеме жасап, бұл кезең аралығында Харри мен Меган мерзімнің бір бөлігін Канадада, қалған бөлігін Англияда өткізетін болатынын айтты. Қазірге өту дәуірінің қай кезге дейін жалғасатыны белгісіз.

Осыған дейін ханзада Харри және жұбайы Меган патшалық отбасының мүшесі ретіндегі жоғары мәртебесінен кешу жайлы шешім шығарып, ешкімге тәуелді болмай қарапайым жандар секілді еркін түрде өмір сүрулері жайлы мәлімдеген болатын. 

5 838
ӨзА