ӨзА Қазақ

13.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Әлемнің 7 елі БҰҰ-да дауыс беру құқығынан айрылды

Әлемнің 7 елі БҰҰ-да дауыс беру құқығынан айрылды

БҰҰ басшылығы жеті елді Бас ассамблеяда дауыс беру құқығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы БҰҰ баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик хабарлап, Венесуэла, Ливан, ОАР, Гамбия, Лесото, Йемен және Тонга мемлекеттері Бас ассамблеяда дауыс беру құқығынан айрылды, деген. Өйткені атаулы елдер халықаралық ұйым қорына соңғы екі жылдық өтемақысын төлемегендігі себеп болған.

Сондай-ақ, Сомали, Комор, Сан-Томе және Принсипе елдерінің ұйымнан қарыз болса да, оларға осы жылдың қыркүйегіне дейін толықтай қатысу мүмкіндігі берілген. Қазірде БҰҰ мүше әлемдегі 197 мемлекеттің 147-нің қарызы жоқтығы жайлы айтылған.

5 847
ӨзА