ӨзА Қазақ

02.07.2019 14:20 Басып шығару нұсқасы

Әлемдегі ең үлкен әуежай Қытайда

Әлемдегі ең үлкен әуежай Қытайда

Өткен жылы әлемнің ең үлкен әуежайы Туркияның Стамбул қаласы маңында құрылысы аяқталған болатын. Әрине бұл тарихта өткен жылғы датасымен қалды. Ал қазіргі таңда әлемді күн өткен сайын таңғалдырумен келе жатқан Қытай елі тағыда бүкіл әлемді таң қалдыруды жалғастырып келеді. 

Бейжің қаласынан 46 шақырымды қашықтықта орналасқан «Дасин» атты 2,3 миллион шаршы метрлік алқапты алып жатқан жер планетасындағы ең үлкен әуежайдың пайдалануға тапсырылуы 30 қыркүйекке белгіленген. Әуежайдың футуристік дизайнын атақты архитектор Заха Хадид жасаған.

6 қанатты әуежай құрылысының жалпы құны 60 миллярд долларды құраған. Бастапқыда әуежай бір жылда 45 миллион жолаушыға қызмет етеді, алайда ол толықтай қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болған кезде 72 млн жолаушыға қызмет көрсететін болады. Мұнда 7 ұшу-қону жолағымен 78 қақпасы бар.

24d9523dc95c422f52306078a7cb20a6.jpg

inside-beijing-airport-terminal-zaha-hadid-architects-ZAHA0617.jpg

ӨзА