ӨзА Қазақ

18.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Коронавирус Еуропаның барлық елінде анықталып Еуроодақ шекарлары жабылды

Коронавирус Еуропаның барлық елінде анықталып Еуроодақ шекарлары жабылды

15 наурызға дейін Еуропада жалғыз Черногория елінде коронавирус індеті тіркелмей келіп, кешегі соңғы мәліметке сай екі вирус жұқтырған жағдай тіркелген. Оның екеуі де үлкен жастағы әйел азаматтар болып, олар вирус тараған аймақта болып қайтқандар екені анықталды.

Қазіргі уақытта коронавирус Еуропаның барлық елінде тіркелгегіге орай Еуроодақ өз шекараларын 30 күнге жауып, ішкі шекаралар да қатаң бақылауға алынғанын мәлімдеді. Шенген виза беру тәртібі уақытша тоқтатылды. Қазірде тек жүк тасушы транспорттар ғана елдер арасында қатынау құқығына ие.

Соңғы дерек бойынша жер бетінде коронавирус жұқтырған жандар саны 198 004 жанға жетті. 81 946 адам сауығып, 7948 кісі өлімі тіркелген. Вирустың аса ауқымды түс алған Қытайдан сырт елдер қатарында Италия(31506), Иран(16169), Оң.Корея(11826) мемлекеттері бар.

2 693
ӨзА