ӨзА Қазақ

23.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Ким Чен Ын жаңа су асты кемесін көзден кешірді

Ким Чен Ын жаңа су асты кемесін көзден кешірді

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдегі әскери теңіз күштері үшін арналған жаңа су асты кемесін көзден кешірді. Бұл жайында, жергілікті Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлаған.

Бұл су асты кемесі, Жапон теңізінде тактикалық міндеттерді орындау үшін қолданылатын болады. Агенттіктің мәлімдеуінше, Ким Чен Ын жаңа су асты кемесі орналасқан фонда суретке түсіп, қару-жарақ, жедел техникалық әрекеті мен қоса жауынгерлік жүйесімен танысқан. Бірақ аталмыш су асты кемесі мен оның жабдықтары жайлы басқа да ақпараттар айтылмай құпия түрде қалған. 

Ким Чен Ын кемені аралаған кезде, Солтүстік Кореяда су асты кемелері болу керектігін айтып, елдің сенімді қорғанысын арттыру мақсатында әскери теңіз күштері үшін арнайы құралдар жасау керек екендігін айтқан.

10 670
ӨзА