Ким Чен Ын Ресейге келді
Бүгін Солтүстік Корея Президенті Ким Чен Ын өзінің брондалған пойызымен Ресейге жетіп келді,-деп хабар береді РИА Новост.
Бүгін Солтүстік Корея Президенті Ким Чен Ын өзінің брондалған пойызымен Ресейге жетіп келді,-деп хабар береді РИА Новост.
КХДР басшысыны Хасан теміржол бекетінен Қиыр Шығыс ресми өкілдері күтіп алған. Солтүстік Корея Президенті Ким Чен Ын мен Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин арасындағы кездесуі 25 сәуірге жоспарланған.
Кездесуде негізгі талқыланатын мәселелер - Корей түбегіндегі ядролық проблемасын реттеу және екіжақты қатынастар жайында болмақ.
Корей Халық Демократиялық Республикасы басшысы Ким Чен Ынның Ресейдегі сапарына Солтүстік Корея Сыртқы істер министрі Ли Ён Хо мен оның орынбасары Цой Сон Хи бірге келген.