ӨзА Қазақ

29.04.2019 17:23 Басып шығару нұсқасы

Индонезия астанасын басқа жерге көшірмек

Индонезия астанасын басқа жерге көшірмек
Индонезия президенті Жоко Видодо мемлекет астанасы Джакартаны басқа қалаға көшіру жайында айтты. Бұл жайында үкімет жиынында мәлімдеген, -деп хабарлайды kompas порталы.

«Джакарта бір мезетте екі маңызды міндет: қаржылық және саяси орталық міндетті атқара алмай тұр», -деп айтқан президент. 

Оның айтуынша, «жаңа астана үшін қолайлы мекен табу, қажетті инфрақұрылымды дайындау қажет». Қазірге ел астанасын көшіретін аймақ анықталмаған. 

Айта кеткен жөн, Индонезия Малай архипелагында және жаңа Гвинея аралының батыс жағында орналасқан мемлекет. Халқының саны 242 миллионнан астам. 5 ірі және 30 кішігірім арал топтары (барлығы 17 508 арал) кіретін бұл жер дүниежүзінің ең үлкен архипелагы болып есептеледі.

ӨзА
12 714