ӨзА Қазақ

18.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Green Card беру ережесі өзгереді, бұл Трамптың жоспары

Green Card беру ережесі өзгереді, бұл Трамптың жоспары

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні жаңа миграциялық жоспарын жариялады.

Онда Ақ үй басшысының айтпағы, АҚШ азаматтығын алған мигранттардың туғандарына Green Card беруді тоқтату керек, ол туысқандық қатнастарға емес, бәлкім білікті мамандарға назар аударған жөн екендігі жайында айтқан. 
 
Қазіргі күнде заңды иммигранттардың 66 пайызы Америкаға туысқандық арқылы, ал 12 пайызы білікті маман ретінде жұмысқа келеді екен. Трамптың жаңа жобасына сәйкес, жоғары білімге ие азаматтарға берілетін миграциялық квотаны бес есеге көбейту керектігін алға тартқан.

2018 жылы АҚШ-қа заңды жолмен келген иммигранттардың жылдық табысы 43 мың доллар көлемінде, яғни бір шетелдік азаматтың ай сайынғы табысы 3,5 мың доллар шамасында болған. Трамптың жоспарына сай, егер елге білікті мамандар ғана тартылса, айлық табысы үш есеге көбейіп, 126 мың долларға жетеді.

Трамптың бұл жоспары бойынша 1991 жылдан бастап Америкада тұрақты жасау үшін берілетін Green Card лотореясы аяқталады. Бұл жоба шамамен жылына 50 мыңдай шетелдік иммигрантқа АҚШта тұрақты жасау мүмкіндігін беретін еді. Алдағы кезеңде бұл бастама тоқтатылып, оның орнына жаңа жоба жұмыс бастайды. Жобаның басты мақсаты АҚШқа білікті, іскер мамандарды тарту. Соның есебінен елдегі тұрлі қылмыстық әрекеттерді азайту да көзделген. 

Америка басшысының бұл шешімін Конгресстегі Демократиялық партия өкілдері мақұлдамаған. «Өйткені шет елден келуші мигранттар бұл елге жаңа өмір бастасам деп келеді. Біздер жаңа өмірге ұмтылған мигранттарға бұлай қарсы тұра алмаймыз»,- деп Сенаттағы демократтар жетекшісі Чак Шумер, Трамптың бұл жоспарын «елеусіз» деп айтқан. 


13 354
ӨзА