ӨзА Қазақ

25.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Google бірқатар БАҚ-қа жаңалықтар үшін ақша төлеуін мәлімдеді

Google бірқатар БАҚ-қа жаңалықтар үшін ақша төлеуін мәлімдеді

Әлемдік интернеттегі ең ауқымды іздеу жүйесі болып «Google» компаниясы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында сапалы жаңалықтар үшін ақша төлейтінін жариялады.

«Бүгін біз сапалы контент үшін БАҚ-қа ақы төлеу үшін лицензиялық бағдарламаның басталғаны туралы жариялаймыз және біз бұл үрдісті бірнеше елдегі басылымдарда жолға қоямыз. Олардың саны алдағы уақытта көбейеді», - делінген компания хабарламасында.

Онда айтылуынша компания Германия, Австралия және Бразилиядағы «Spiegel, Solstice Media» және «Diarios Associados» басылымдармен келісімшарт жасаған. Дегенмен «Google» компаниясы жаңалықтар үшін қанша ақы төлейтінін айтпаған. Бірақ компания Google баспагерлердің аудиториясын ұлғайту үшін қолданушыларға ақылы мақалаларға ақысыз қол жетімділік үшін ақы төлейтінін мәлімдеген.

2 653
ӨзА