ӨзА Қазақ

16.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Германияда АЭС-тің екі мұнарасы жарылды

Германияда АЭС-тің екі мұнарасы жарылды

Германияның Филиппбург қаласындағы атом электр станциясының 152 метрлік екі мұнарасы жарып жіберілді.

Германияда 2022 жылға дейін елдегі барлың АЭС-ті бұзып, олар орнына баламалы энергия көздері базасын салу жоспары жасалған. Солардың кезектісі кеше Филиппбург қаласындағы АЭС-тің екі мұнарасы бұзылған. Оның бұзылуына тұтастай 4 жыл дайындық жүргізілген. Мұнараларды жару үшін 1110 дана жарылғыш заттар қойылып, жарылысты таңертегі уақытта жасаған.

Бұл жарылыс жөнінде жергілікті тұрғындарға ескерту жарияланбаған. Мұның себебі ретінде мұнараның жарылуын тамашалау үшін адамдар топталатынын және оларға зақым келуі мүмкіндігімен байланыстырады жауаптылар.

Германия АЭС-тен бас кешу жоспарын 2011 жылда бекіткен. Ал олар орнына баламалы энергия көздерін салу үшін бюдеттен 1 триллион еуро қаржы бөлінген.

2 250
ӨзА