ӨзА Қазақ

22.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Францияда алғашқы дәрігер коронавирустан қайтыс болды

Францияда алғашқы дәрігер коронавирустан қайтыс болды

Бүгін Францияда COVID-19 коронавирусы індетінен ауруларды емдеп шипа үлесемін деген алғашқы дәрігер қаза тапқан.

Денсаулық сақтау министрі Оливье Веранның LCI телеарнасына берген сұхбатында ол қаза болған дәрігердің отбасына көңіл айтып, дәрігер жөнінде жалпы мәліметтерді айтуды жөн көрмеген. Оның себебін отбасы мүшелерінің еркіне қайшы келіп және қазіргі қалыпты жағдайға байланысты медициналық құпия да екенін айтқан. Ал, Француздық BFM.TV телеарнасы дәрігердің Лилль университетіндегі ауруханада қайтыс болғанын хабарлаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Францияда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 14 459 құрайды, ел аумағында бүгінге дейін 562 азамат қайтыс болған. Қазір елде екі апталық қатаң карантиндік бақылау жарияланған болып, кафе, мейрамхана, кинотеатр мен азық-түлікке жатпайтын дүкендер жабылған.

1 932
ӨзА