ӨзА Қазақ

22.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Европалық Одақ «Үлкен сегіздікке» Ресейдің оралуына қарсы шықты

Европалық Одақ «Үлкен сегіздікке» Ресейдің оралуына қарсы шықты

Европалық Одақ Ресейдің «Үлкен жетілікке» оралуына қарсы шықты, өйткені оның форматынан шығуына себеп болған мәселелер әлі күнге шешілмеген,-деген блоктың аға өкілі Reuters ақпараттық генттігінің хабарында.

Лауазымды тұлғаның айтуынша, Ресей сегіздіктің құрамынан шығарылған себептер әлі күнге дейін өзекті. Осыған байланысты Мәскеуді G7 форматына қосылуға шақыру нәтиже бермейді. ЕО өкілі сондай-ақ мұндай әрекеттер «әлсіздік белгісі» болады, Мәскеумен диалог жасауға G20 форматы бар, ал G7 ортақ құндылықтарды ұстанатын демократия форумы болып қалуы керек,- деп санайды.

Осыған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейді G-7 саммитіне 2020 жылы шақыруды ұсынған болатын. Америка президенті Дональд Трамп онымен келіскен, өйткені «G7-де талқыланатын көптеген мәселелер Ресейге қатысты деген». Алайда, кейінірек Макрон Мәскеудің оралуы стратегиялық қателік болады деп, алдымен Украинадағы дағдарысты шешу керек, деді.

Осыдан кейін Ресей СІМ басшысы егер G7 елдеріне Ресейдің осы форматқа оралуына қатысты нақты ұсыныстар болса, онда олар анықтап нақтылай етіп, ресми дипломатиялық арналар арқылы берілуі керек, деп мәлімдеген.

«Үлкен сегіздік» форматы 1998 жылдан бері бар. Ал Ресей 2014 жылы Қырымды өзіне қосқаннан кейін бұл одақтан шығарылған болатын. Содан кейін әлемнің жетекші державаларының басшылары Ресей төрағалық етіп Сочиде өтетін G8 саммитіне қатысудан бас тартты. Оның орнына G7 кездесуі Брюссельде өтті . Қазірде G7 құрамында Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Жапония, Италия және Канада бар. Сондай-ақ саммитке Еуропалық Одақтың өкілдері де (ЕО және Еуропалық комиссияның төрағалары) қатысады.

13 377
ӨзА