ӨзА Қазақ

08.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Джек Ма Қытайдағы ең бай адамдар тізімінде бірінші

Джек Ма Қытайдағы ең бай адамдар тізімінде бірінші

Alibaba корпорациясының негізін қалаушы кәсіпкер Джек Ма, қатарынан екінші рет Қытайдағы ең бай адамдар тізімінде бірінші болып тұр.

Дәл қазіргі уақытта оның байлығы 38,2 миллиард долларға бағаланған. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 4 миллиардқа артқан. Ал, әлемдік байлар тізімінде 20 орынға жайғасқан. Қытайдағы ең ауқатты адам тізіміндегі екінші орында «Tencent» телекоммуникация корпорациясының басшысы Ма Хуатэн (36 миллиард доллар).

Forbes басылымының соңғы жасаған әлемнің ауқатты адамдары рейтингінде бірінші орында Amazon компаниясының негізін салушы Джефф Безос көш бастап келеді. Оның байлығы 112,4 миллиард доллар деп бағалануда.

3 735
ӨзА