ӨзА Қазақ

05.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Дубай әміршісі Европаға қашып кеткен ханшайымды сотқа берді

Дубай әміршісі Европаға қашып кеткен ханшайымды сотқа берді

БАӘ-нің Премьер-министрі, Дубай әміршісі Мохаммед ибн Рашид аль-Мактум Европаға қашып кеткен әйелі, ханшайым Хайю бинт аль-Хусейнді сотқа берді. 

Өткен апта соңына қарай ханшайым Хайю бинт аль-Хусейн екі баласы және 39 миллион доллар ақшамен Германияға қашып кеткені жайындағы ақпарат тараған болатын. 

Осыған байланысты, Иорданияның марқұм корольі Хусейн бин Талолдың қызы саналатын Хайю бинт аль-Хусейн Европаға барған соң баспана сұрап зайыбынан ажырасу турасында өтінім берген. 

Ал, бүгін американ CNN басылымы, Дубай әміршісі өз ханшайымын сотқа бергендігі жайлы ақпарат таратты. Онда, алдағы өтер сот процесі 30 және 31 шілдеге белгіленген. Сот процесінің алғашқы күні әмірші мен ханшайымның екі балаға қамқорлық қылатын тарап жағы мәселесі көріп шығылады. 

13 453
ӨзА