ӨзА Қазақ

25.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Diamond Princess круизді лайнері карантиннен босатылды

Diamond Princess круизді лайнері карантиннен босатылды

АҚШ-тың «Diamond Princess» круизді кемесіндегі жолаушылардан бірінде коронавирус індеті расталғаннан кейін лайнер Жапонияның Йокогама портында карантинге алынған еді.

Бортында 2666-дан астам жолаушылары мен 1045 экипаж мүшелерінің өмірі қауіп атсында тұрғандығына қарамай Оңтүстік-Шығыс Азияның бірнеше елі теңіз жағалауындағы өз портына қабылдаудан бас тартқан «Diamond Princess» круизді лайнері бір жарым айлық карантиндік бақылаудан босап, бүгін Йокогама портынан қайта теңізге жол тартпақ.

«Kyodo» агенттігінің хабарынша Калифорниядағы «Princess Cruises» компаниясына тиесілі кеменің карантиндік тексерісі бүгін аяқталған. Кеменің ендігі қай жаққа қарай бет алатын бағыты қазірге белгісіз. Ондаған елдің азаматтары болған бұл кемеде, коронавирус Гонконгта түскен қытайлық азаматтан анықталған еді. Содан кейін лайнер 4 ақпан күні карантинге алынып, онда 712 жолаушыдан вирус жұққандығы тіркелді және 10 науқас Жапония ауруханасында қаза болды.  

1 785
ӨзА