ӨзА Қазақ

17.07.2019 18:20 Басып шығару нұсқасы

Билл Гейтс әлем байлары қатарында бір сатыға төмендеді

Билл Гейтс әлем байлары қатарында бір сатыға төмендеді

«Microsoft» компаниясының негізін қалаушы, американдық кәсіпкер, қоғам қайраткері Билл Гейтс соңғы жеті жылда алғаш рет әлемдік байлар тізімінде бір сатыға төмендеп, үшінші орынға тұрақтады.

Ал екінші орынды француздық кәсіпкер, «Louis Vuitton Moët Hennessy» компаниялары шоғырының президенті Бернар Арно иеленді. Арноның байлығы яғни «LVMH»тың таза қаржысы 107,6 млрдқа тең деп бағаланғаннан кейін, Гейтстың қаржысынан 200 миллион долларға артып кетті деп жазады «Bloomberg» басылымы.

Эксперттердің пайымдауынша Гейтс ақшасының мәлім бір бөлігін қайрымдылыққа жұмсамағанда ол әлемнің ең бай адамы болатын еді дейді. Билл Гейтс жұбайымен бірге осы кезге дейін қайырымдылыққа 35 млрд доллар қаржы жұмсаған.

Жыл сайынғы үрдіспен Forbes-тің көктемде жариялайтын тізімінде Билл Гейтс 96,5 млрд доллармен екінші орында тұрған еді. Бұл көрсеткіш келесі жылға дейін қалай болатыны жайында наурыз айында Forbes-тің ткезекті тізімінен білетін боламыз.

ӨзА
9 605