ӨзА Қазақ

30.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Бүгін – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Бүгін – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

30 тамыз – елдіктің басты нышаны – Конституция күні,-деп хабарлайды Қазақстанның мемлекеттік «ҚазАқпарат» сайты.

Биыл Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңның қабылданғанына 24 жыл толады.

Қазақстанның дербес ел ретіндегі алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған. Бірақ, ол құжаттың көптеген тұсы кеңестік демократия қағидаларына негізделгендіктен, 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституция жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданған болатын. Жаңа Конституция бойынша Қазақстан Республикасының президенттік басқару жүйесіндегі мемлекет екені айқындалды. Қазақстан Республикасының Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады.

Қазақ елінің Ата Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

6 621
ӨзА