ӨзА Қазақ

19.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Қазақстанның Теңіз кенішінде 142 қызметкер коронавирус жұқтырған

Қазақстанның Теңіз кенішінде 142 қызметкер коронавирус жұқтырған

Қазақстанның Атырау облысындағы Теңіз кенішінің 142 қызметкері коронавирус жұқтырғаны жөнінде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтан мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Хабарда айтылуынша «Қауіпті індет жұқтырған науқастардың бәрі –Теңіз кенішіндегі мердігерлік мекеменің қызметкерлері. Олар вахталық ауысым алдында тұрғылықты мекенжайына бару үшін міндетті скринигтен өткен. Барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Қазір алгоритмге сәйкес ем қабылдап жатыр», - делінген. Қазірде онда 230 орындық инфекциялық стационар ашылған, ал вирус жұқтырған 3 науқас жансақтау бөліміне түскен.

Сондай-ақ бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирустың тарауына байланысты онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында ел аумағында карантиндік шаралар күзде де қабылдануы мүмкін екендігі жайлы айтқан. Егерде күзгі уақытта коронавирустың екінші толқыны келсе, сол кездегі жағдайға қарай іске асырылады, деп мәлімдеген.

Сoronavirus2020.kz ресми ақпараттық сайтының дерегіне сай Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 6751 кісіге жеткен. Олардың 3515 аурудан сауыққан болса, 35 азамат індеттен көз жұмған.

2 013
ӨзА