ӨзА Қазақ

17.06.2019 13:37 Басып шығару нұсқасы

Қазақстанда митингтерге рұқсат етілетін жаңа заң қабылданады

Қазақстанда митингтерге рұқсат етілетін жаңа заң қабылданады

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Euronews арнасына берген сұхбатында Қазақстанда, тұрғындарға шеруге шығуға рұқсат беретін заң қабылданатынын айтты.

Қазақстан Президенті елде саяси өзгеріске қалай қол жеткізуге болатынын Еуроодақ мүшелерімен кеңескенін мәлім етіп, онда қоғам қауіпсіздігіне "шығын келтірмеген" шеру қатысушылары мерзімінен бұрын босатылады. Ол митингіге шыққан жастардың қазақстандық қоғамда өз орнын табуын алдағы мақсаты ретінде қойғанын алға тартты. 

«Саяси мақсатым - жастарды билікке тарту, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге көмектесу. Шеру жасаған қозғалыс өкілдерін келіссөз жүргізуге дөңгелек үстелге шақырамыз, мәселелер көшеде тәртіпсіздік пен аласапыран атмосферада емес, осылай шешіледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда рұқсат берілген митингілерге шығуға мүмкіндік жасайтын жаңа заң қабылданатынын мәлімдеді. 

«Әрине, заңсыз болғанның бәрі тоқтатылады. Бас прокуратура көшедегі осындай митингілердің заңсыз екенін бірнеше рет ескертті, себебі олар оған қатысқысы келмейтін халыққа кедергі жасайды. Сондықтан, жаңа заң қабылданады, енді демонстрацияға шығып, өз пікірін білдіргісі келген халық тиісті органға жүгінеді, оларға өз пікірін білдіру үшін арнайы жер беріледі», - деді Қазақстан президенті.

Мәлімет орнында айта кетсек, 12 маусым күні ант қабылдап Қазақстан Президенттігі лауазымында жұмысын бастаған Қасым-Жомарт Кемелұлы билікте біраз ірі ауыс-түйістер жасады. 

Атап айтсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Бишкек саммитіне аттанбай тұрып Нұр-Сұлтан қаласы әкімі мен Білім және ғылым министрін өз міндетінен босатып оған жаңа кадрларды тағайындаған болатын. Міне бүгін Мәдениет және спорт министрінің орнына жаңа басшы етіп Ақтоты Райымқұлованы тағайындады.  


ӨзА
13 023