ӨзА Қазақ

16.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды

Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды

Жер бетіндегі тіршілік иесіне аса қаупті болып, бүгінгі таңда 130-дан астам ел аумағына жетіп 150 мыңнан аса адам денсаулығына зиян келтірген «Covid-19» коронавирусының Қазақстан аумағынанда келіп жетуіне байланысты Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай жариялау туралы жарлыққа қол қойған.

Атаулы жарлық 2020 жыл 16 наурыз жергілікті уақытпен сағат 08:00 ден бастап сәуір айының 15 жұлдызы сағат 07:00 минут өткенге дейін Қазақстан республикасы төтенше жағдай режимінде болады.

Осы уақыт аралығында ел ішінде қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілетін болып, ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуі тоқтатылады және ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі шектеледі.

Карантин енгізілуіне орай Қазақстанға шет елдер дипломаттары мен арнайы шақырылған халықаралық ұйым өкілдерінен бөлек келетін көліктің барлық түрлерімен кіруге және ел аумағынан шығуға сонымен қатар спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, салт-дәстүрлі шараларды өткізуге тыйым салынған.

1 910
ӨзА