ӨзА Қазақ

09.06.2019 09:24 Басып шығару нұсқасы

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы басталды.

Қазіргі кезде дауыс беру кезеңі қыза түсті.

Сайлау учаскелері Астана уақытымен таңғы сағат 7-00-де ашылып, кешкі сағат 20-00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстан бойынша 9 970 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Ал ел аумағынан тыс 51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған. СІМ дерегінше, ең алғаш болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар дауыс берген.

Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, қазіргі таңда шет елде 13 мың қазақ азаматы жүр. Тәуелсіз Қазақстан тарихында президент сайлаулары 1991,1999, 2005, 2011 және 2015 жылы өткен. Олардың екеуі ғана мерзімінде өткен. Қалғандарының барлығы кезектен тыс болған. Бұған дейін өткен бес сайлаудың бесеуінде де Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткен.

Сондай-ақ бүгін Өзбекстан аумағында қызметте немесе жеке шаруасымен болып тұрған Қазақстан азаматтары үшін Ташкенттегі Қазақстан елшілігі қасынан сайлау учаскесі ашылды. Дауыс беру уақыты кешкі сағат 20:00 ге дейін жалғасады.

20190609084950.jpg

ӨзА
4 804