ӨзА Қазақ

08.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Қазақстанда 9 мамыр күні митингке шыққандар жазаланады.

Қазақстанда 9 мамыр күні митингке шыққандар жазаланады.

Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 9 мамырда заңсыз митингілерге қатысуға шығатын қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Халыққа ескерту үндеуде «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 9 мамырда заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде. Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын. Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз. Құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады», – делінген. Сонымен қатар, Бас прокуратура «құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады» деп қатаң түрде ескертті. 

11 462
ӨзА