ӨзА Қазақ

26.04.2019 10:36 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Республикасы ұлттық теңге монеталарының жаңа дизайндағы үлгісін қолданысқа енгізді

Қазақстан Республикасы ұлттық теңге монеталарының жаңа дизайндағы үлгісін қолданысқа енгізді

Бұл жайында "ҚазАқпарат" хабарлайды. 

Хабарда айтылуынша, «Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік монеталарды айналымға шығарды. Монеталардың дизайнын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда мақұлдаған.

Айналыстағы монеталардың сырт жағында (реверсінде) «QAZAQSTAN» деген сөзі бар Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сондай-ақ шығарған елді білдіретін «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» деген жазу болса, монеталардың бет жағында (аверсінде) монеталар номиналының цифрлық бейнеленуі, сондай-ақ ұлттық валютаның «TEŃGE» деген атауы мен шығарған банк атауының қысқартылған белгісі «QUB» (Qazaqstan Ulttyq Banki) бар мәтіндік жазулар орналасқан. 

20190426104757.jpg

2019 жылғы үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 100 теңгелік айналыстағы монеталардың қырында (гуртында) «JÚZ TEŃGE» деген жазу бар. 

«Айналысқа енген монеталардың техникалық және заттай өлшемдері: массасы, диаметрі, қалыңдығы, металл құймасы өзгеріссіз сақталған. Төлем терминалдарын және басқа да кассаны қосымша қайта теңшеу талап етілмейді. Ескі және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталар заңды төлем құралы болып табылады және барлық төлем түрлері бойынша қабылдануға міндетті»-деп көрсетілген.

ӨзА
14 634