ӨзА Қазақ

11.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Президенті Қытайға мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан Президенті Қытайға мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары басталды, - деп хабарлайды Қазақстан мемлкеттік «Қазақпарат» сайты, Президент баспасөз хатшысы Берік Уәлидің ақпаратына сілтеме жасап.

Хабарда айтылуынша, «Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді», - деп хабарлаған Президент баспасөз хатшысы Б.Уәли.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысатыны күтіледі. Сонымен қатар бағдарлама бойынша «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесуі жоспарланған. 

3 082
ӨзА