ӨзА Қазақ

15.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Президенті ел жастарына үндеу жолдады

Қазақстан Президенті ел жастарына үндеу жолдады

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хабарда, «Бүгін мен еліміздің барлық жастарына үндеу жолдағым келеді. Жаңғыру процесі менің ішкі саяси бағытымның негізгі басымдықтарының бірі саналады. Кадр резервін жасақтау жұмысы осымен бітіп қалмайды. Ол жалғасатын болады», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің атап өтуінше, кадр резервіне өзге де ынталы әрі лайықты жастар кіреді.

«Алдағы кезеңде ХХІ ғасырдың табысты мемлекетін құруға дайын кәсіпкерлерді, ғалымдарды, мәдениет қайраткерлерін, инноваторлар мен өзге де таланатты жас адамдарды жан-жақты қолдайтын боламыз. Бізге түрлі салада жауапкершіліктен, стандарттан тыс әрі тиімді шешімдер қабылдаудан қорықпайтын жаңа көзқарасты басқарушылардың командасы қажет. Дәл сондай адамдар еліміз қажет етіп отырған нәтижелерді беруге қабілетті», - деп мәлімдеген Қазақ елінің басшысы.

5 708
ӨзА