ӨзА Қазақ

10.06.2019 19:05 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді

Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді

Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Ұлықтау рәсімін 12 маусымда өткізуді жоспарлап отырмыз. Егер осы уақытта Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын толықтыру міндетін орындап, есептерін жариялай алса», - деді Қазақстан Президенті БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы ретте Мемлекет басшысы бұл датаның неліктен таңдап алынғанын түсіндірді. «Өйткені, 14 маусымда бұған дейін айтқанымдай, Бішкекке, одан ары Душанбеге ұшамын. Бұл ірі халықаралық шаралар және бұл шараларға Қазақстан Президентінің өкілеттіктерге иелік еткендігі дұрысырақ болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Президенттігіне дауыс жинауда 70.76 % дауыс жиған. 

ӨзА
4 272