ӨзА Қазақ

30.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Қазақ елінің басшысы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды

Қазақ елінің басшысы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамыр елдегі Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялап, онда тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанын мәлімдеді.

Өз үндеуінде Қасым-Жомарт Тоқаев «Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым.

Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады. 
 
Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз», деген.

Сондай-ақ Қазақ елі басшысының осы үндеуінде Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға саяси қуғын-сүргін орасан зор қасірет әкелгенін еске ала айта тұрып, сұрапыл сонау зұлмат заманда 100 мыңға жуық қазақ азаматы қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы ату жазасына кесілген жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да ұлт зиялылары барында, атап өткен.   


2 702
ӨзА