ӨзА Қазақ

23.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Атамбаев 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды

Атамбаев 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Азиз Батукаевтан пара алып оны азат еткені үшін 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

«Сот Атамбаевты кінәлі деп таныды және оны 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырды. Оның мемлекеттік марапаттары мен мүлкі тәркіленеді», - деді Бішкектегі Первомай аудандық сотының судьясы айыптау қорытындысында.

Прокурор бұрынғы президентке 15 жылға бас бостандығынан айыруды және оның мүлкін тәркілеуді сұраған болатын.

Осылайша өткен жылдың күзінде басталған сот процесі өз соңына жетті. Атамбаев сотта соңғы сөз сөйлеуден бас тартты және оғат тағылған айыптың ешқайсысын мойындаған жоқ.

2 563
ӨзА