ӨзА Қазақ

31.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Ғарыштық саяхаттың жаңа дәуірі басталды. Илон Масктың «Crew Dragon» ғарыш кемесі ХҒС ұшты

Ғарыштық саяхаттың жаңа дәуірі басталды. Илон Масктың «Crew Dragon» ғарыш кемесі ХҒС ұшты

31 мамыр Флорида штатындағы Кеннеди ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына SpaceX компаниясының «Crew Dragon» атты ғарыш кемесі екі ғарышкерді ұшырды.

28 мамыр күнге жоспарланған ұшу ауа-райының қолайсыздығына байланысты стартқа 15 минут қалғанда тоқтатылған болпы, сенбі күнге қалдырылған болатын.

АҚШ тарихында 2011 жылдан беріге орбитаға өз ғарышкерін отандық ғарыш кемесімен ұшыру мүмкіндігі болмай келе жатқан еді. Есесіне Америка өз ғарышкерлерін Ресейдің «Союз» ғарыш кемелерінде ұшып оларға шамамен 3,9 миллиард доллар жұмсаған. Ал 48 жастағы өнертапқыш Илон Маск АҚШ-қа ғарышқа жасар саяхаттың жаңа дәуірін силады. Оның жеке SpaceX компаниясы жасаған «Crew Dragon» атты ғарыш кемесі Боб Бенкен мен Даг Херли есімді екі ғарышкерді Халықаралық ғарыш станциясына ала аттанды.

Экипаж жексенбі күні ХҒС-қа қосылады деп күтілуде. Кеменің Жерге қайту күні әлі нақты айтылмай артынша қабылданатын болған.

2 559
ӨзА